Бұл туралы facebook-тегі парақшасында жас әдебиет зерттеушіcі Ерден Нұрахмет жазды.
«Аудармашы Ашур Өздемир қазақтың алғашқы романдарын осыдан 10 жыл бұрын түрік тіліне аударған болатын. Бүгін, міне, сол аударма кітаптарды өз қаражатымен жарыққа шығарды. Енді Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамалын» шығарамын деп отыр. Керемет жаңалық емес пе?!», – деп жазды ол.