Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды
Беларусте «Витебск-2024» эстрадалық ән орындаушылар байқауы аяқталды. Ондағы Бас жүлдені молдовалық әнші Каролина Балан, ал бірінші орынды қазақстандық Ерназар Жұбан жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме сілтеме жасап.
Екінші орынды италиялық Марьям Танкреди мен ресейлік Екатерина Кузина бөлісті. Қазылар алқасының үшінші орынға қатысты шешімі ұқсас болды, бұл жүлде болгариялық Валерия Чучман мен беларусь Невена Пейковаға берілді.
Сондай-ақ, Венесуэла, Испания, Латвия, Словения, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Чехия және Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері байқаудың дипломанттары атанды. Ал Оңтүстік Африкадан келген Thami Mbatha ұлттық тақырыпты үздік орындағаны және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Владимир Мулявин атындағы арнайы сыйлықты алды.
Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысының арнайы жүлделері беларусь Валерия Чучман мен ресейлік Екатерина Кузинаға берілді. «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының ұлттық дәстүрлерді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін «Ән – достастықты сақтауға жол» арнайы марапаты Өзбекстан өкілі Сәлимаға берілді.
Беларусь Президенті бекіткен «Славян үміті» арнайы сыйлығымен Латвиядан келген Kaleriya марапатталды. Оны премьер-министрдің орынбасары, фестивальдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Игорь Петришенко табыс етті.
Байқаудың алғашқы күні қатысушылар Беларусь Республикасы Президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен славян хитін орындады, ал екінші күні қатысушылар «-1» фонограммасымен әлемдік хиттерді шырқады.
Өнерпаздарды Ресей, Молдова, Мексика, Дания және Болгариядан келген танымал әншілер мен продюсерлер бағалады. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Сағын Өмірбайұлы «Славян базарының» балалар байқауында екінші орын алғанын жазған едік.
Оқи отырыңыз: Бала өлімі: балабақша директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынды