Продюсер құбыр тазалауға арналған сұйықтық ішіп қойған
Мәскеуде «На-На» тобының продюсері Бари Алибасов химикаттан уланып, шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости.
Бари Алибасов құбыр тазартуға арналған сұйықтықты ішіп қойған. Ол өз үйінде үстелге белгісіз біреу қалдырып кеткен стақандағы сұйықтықты шатастырып алған.
Продюсердің ұлы, кіші Бари Алибасовтың айтуынша, әкесінің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, дәрігерлер продюсерге қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Расталмаған мәлімет бойынша, Бари Алибасов өңешін күйдірген.