Ләззат Рахметуллақызы ұлын бір өзі асырап жеткізуге шамасы жететінін айтты
Желідегілер отандық танымал әнші Шамсиді екінші мәрте ажырасып кетті деп болжауда. Шоу-бизнес жұлдызының шаңырағы шайқалғаны жайлы күдік оның екінші әйелі жариялаған жазбадан кейін туындаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Біраз уақытқа Instagram кеңістігінен жоқ болып кеткен әншінің жары желіге қайта оралып, парақшасында екі ойлы жазба қалдырды.
Онда Ләззат Рахметуллақызы жеке өмірінде үлкен қателікке бой алдырғанын жазып, ұлын бір өзі асырап жеткізуге шамасы жететінін айтты.
"Көбіне менің жеке өмірім, жеке өткен өмірім қызық екен, байқауым. Ер адамдарға да, әйел кісілерге де ! Иә, әркімнің өзінің өмірлік тарихы бар.
Менікі сол - оңбай қателескен таңдауым. Бірақ, олай айтуға да қорқады екенсің. Себебі, әрбір істің хайыры бар делінген.
Білетініңіз бар, білмейтініңіз бар, біз үйде 5 қызбыз. Алла ата-анама ұлды 22 жылдан соң берді. Ол - менің ұлым. Ата-әжесінің баласына айналды! Мұхаммед-Әлиім.
Ешкімнің қолына күнімізді қаратпасын Аллахым. Ұлымды өзім асырап, өзім жеткізетін шамам бар, шүкіршілік. Деніміз сау, қол-аяғымыз бүтін", - деп жазды әншінің екінші жұбайы.
Айта кетейік, Шамси бұған дейін де отбасылы болған. Әншінің бірінші некеден ұлы бар. Өнер иесі бірінші әйелімен айырылысып кетіп, екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын.
Оның таңдауы танымал боксшы Жанқош Тұраровтың Ләззат есімді туған балдызына түскен. Алайда, желідегілер арудың жазбасына қарап, шоу-бизнес өкілін тағы да ажырасып кетті деп есептейді.
"Қандай жағдай болмасын сіз бақытты болуға лайықтысыз" , "Шамси сіздің тырнағыңызға да татымайды" , "Сұлу қыз әлі-ақ бақытты болып кетесің" , "Ажырасып кеткендеріңіз өкінішті" , "Сондай бақытты жұп болып көрінуші едіңіздер" , "Ажырасқандары рас болып тұр ғой" , "Шамси екінші рет те ажырасып кеткен бе?" , "Ұлыңыздың қызығын көріңіз" , "Енді естіп тұрмын. Сіз бақытты болуға лайықтысыз" , - деп қолдау білдірді желідегілер.
Шамси мен Ләззаттың Мұхаммед-Әли есімді ұлы бар.