Танымал әнші Димаш Құдайберген АҚШ-қа келді. Нью-Йорк қаласының әуежайында әншіні көптеген жанкүйері қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әншінің Instagram-дағы парақшасында осы сәттен видео жарияланды.
Әншінің жеке сайтының хабарлауынша, белгілі ресейлік композитор Игорь Крутой өзінің мерейтойына орай 2019 жылдың 26 қазанында Barclays Center-де өнер көрсетпек.
Димаш Құдайберген осы шараға қонақ ретінде қатысады.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 10 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) «Arnau tour ENVOY» жеке концертін өткізеді. Онда Димаш төрт тілде ән шырқайды. Концертті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында ұйымдастырмақ. Димаш 19 мың көрерменге арналған «Barclays Center» аренасында өнер көрсетеді. Концерт билеттері 13 қыркүйекте сатыла бастады.