Қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орынға ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» - деп жазды twitter парақшасында.
Айта кетейік, Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ол онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орынға ие болды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.