Танымал әншінің өкілінің айтуынша, Ротару шақыруларды өте мұқият таңдайды
КСРО халық әртісі София Ротаруға 100 мың еуроға (шамамен 110 мың доллар немесе 43 миллион теңге) Қазақстанда жаңа жыл түнінде ән айту ұсынылды, бірақ ол бас тартыпты. Бұл туралы "Газета.Ru" басылымына әртістің концерт жөніндегі директоры Сергей Лавров айтты.
Әнші өкілінің мәліметінше, Ротару алдағы уақытта ауқымды гастрольдік турларға бармайды, қандай да бір жеке шараларда да өнер көрсетпейді.
София Ротару Жаңа жылда Қазақстанда ән айту ұсынысынан да бас тартқан екен.
"Оның осындай жастағы қай әріптесі гастрольдерге тұрақты түрде шығып жүр? Сондықтан София Михайловна әлемді аралап, өнер көрсеткісі келмейді», - деп түсіндірді Лавров.