«Шамам жетеді»: Айсәуле Бақытбек күтушісімен бірге «ұзатылған»

«Шамам жетеді»: Айсәуле Бақытбек күтушісімен бірге «ұзатылған»
«Менің жолым болды: енем – өте керемет адам», – деді Айсәуле
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жас келін Айсәуле Бақытбек өзінің ақ босаға аттағаннан кейінгі өмірін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Келін боп түскен жағына екі күшігін және үй қызметшісін ала кеткен Айсәуле Бақытбек ел-жұртқа өзінің соған шамасы жетерлік табыс табатынын айтып мақтанды.

«Қазір ата-енеммен, екі итіммен тұрамын. Өзіммен бірге үй қызметшісін де ала кеткенім рас. Өйткені, күтуші ұстауға жетіп-артылатын табыс табамын. Ал жалғыз өзім үй шаруасына да, жұмысқа да үлгермеймін», – деп ағынан жарылды ол. 

Сонымен қатар, белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы отбасылық өмірге қаншалықты үйреніп кеткенін, енесімен арасы қандай екенін жасырмады.

«Менің жолым болды. Енем – өте керемет адам. Тіпті анам сияқты», – деді Айсәуле.


Новости партнеров