Алматыда халықаралық Берлин кинофестивалінің гран приіне ие болған қазақстандық туындының тұсаукесері өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
«Схема» деп аталатын фильм аталған байқауда Generation бағдарламасы бойынша үздік деп танылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықаралық Берлин кинофестивалінің гран приіне ие болған қазақстандық туындының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Схема» деп аталатын фильм аталған байқауда Generation бағдарламасы бойынша үздік деп танылып отыр. Ал түсірілім тобы 2 жыл түсірілген кино біраз еңбекті қажет етті дейді. 

«Бұл фильм жасөспірімдер туралы. Туындының сюжеті шынайы өмірдегі жеткіншектерде кездесетін қиындық жайында. Фильмге ашық түрде кастинг өткіздік. Онда актерлік білімнен бұрын жастардың қызығушылығы маңызды болды», – дейді фильмнің режиссері Фархат Шәріпов.

Тұсаукесерге келген көрермен саны толассыз болды. Отандық фильмнің жарыққа шығуына атсалысқан мамандар бұл көрініс көз қуантады дейді. Олар кең аудиторияның көңілінен шыққан фильмнің үлкен сұранысқа ие болатынына сенеді. 

«Бұл фильмді жарыққа шығару барысында біз көптеген қиындықпен бетпе-бет келдік. Дистрибьюторлар бізді қабылдамады. Себебі олар Голливуд немесе комедия жанрындағы фильмді көргісі келеді. Ал біздің туынды басқалардан өзгерек болды. Соған қарамастан, қолдау тапқанымызға қуаныштымыз», – дейді фильмнің продюсері Дина Жұмабек.

Новости партнеров