Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды

01.12.2022 20:00

Сирек кездесетін басылымды Ертіс ауданындағы ардагер ұстаз Нұрболат Әбутәліпов музейге сыйға тартты

дереккөзден

Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды. Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сирек кездесетін басылымды Ертіс ауданындағы ардагер ұстаз Нұрболат Әбутәліпов музейге сыйға тартты. Ол бұл кітапты атасынан алып, осы күнге дейін сақтап келген.

«Бұл кітап — Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында басылып шыққан ең алғашқы жинағының бір данасы. Кітап хәкім өзі дүниеден өткеннен соң 5 жылдан кейін жарық көрген», — деді музей директоры Ербол Қайыров.

Шара барысында абайтанушы Даниял Әсенов ақынның өлеңдерін оқыды және Абай әндері шырқалды.

Аталған кітап енді музей қорында сақталады.