Алматыда ақберен ақын, сазгер, сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қажытай Ілиясұлының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері көп жылдан бері тұрған үйдің қасбетіне ілінді. Салтанатты ашылу сәтіне туған-туыстары, достары және әріптестері жиналды. Көзін көргендер ақынның шығармашылығын еске алды. Айта кетейік, Қажытай Ілиясұлы «Ара» журналында, «Лениншіл жас» газетінде әр түрлі қызметтер атқарған.
«Бұл – 1965 жылдың қыркүйек айы. Содан өмір бойы ажыраған жоқпыз. Жұбымыз жазылған жоқ. Рухани байланысымыз өте күшті болды. Дүниетанымымызда ортақ нәрсе көп болды. Қуанышқа бірге қуандық. Қиналатында бірге қиналдық. Ел-жұртты аралағанда сапарға бірге шығып жүрдік деген сияқты», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Сыдықов.