Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай концерт өтті

02.06.2021 20:15

Карантин талаптарына байланысты концерт тек телевизиялық нұсқада таратылады

Almaty.tv

4 мамыр – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Айтулы күнге орай бүгін республика сарайында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Карантиндік талаптарды қатаң сақтаған іс-шарада көрермен болған жоқ. Ал өнер иелері мереке қарсаңында экран арқылы халықты құттықтағымыз келді дейді.

«Қазіргі індетке байланысты көрермендер жоқ, онлайн. Сахнада өзіміздің енді осы мерекеге әнімізді, ішкі қуанышымызды әніміз арқылы дәлелдейік деп, осындай үлкен концерт болып жатыр. Елімізге амандық тілеймін. Жұртымыз, еліміз аман болса, кереметтей күндеріміз әлі алда болады дейміз. Осы індеттен аман-есен құтылсақ деп тілеймін», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Бибігүл Қилымхан.

Патриоттық сипаттағы әндер арнайы оркестрдің сүйемелдеуімен орындалғанын да айта кету керек. Мерекенің ұлтымыз үшін маңызы зор екенін ескерген ұйымдастырушылар концерттік бағдарламада жырдан шашу шашып, театрлық қойылымды сахналады. 

«Оркестрдің сүйемелдеуімен керемет кеш өтіп жатыр, қуаныштымын. Мереке құтты болсын. Замандас бауырларыма айтар бір ғана тілегім туымызды басымыздан биік ұстайық», – деді әнші Ибрагим Ескендір.