Көрмеге Алматы музей қорындағы 130-дан астам экспонат қойылды
Сеулде Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Ұлы даланың інжу-маржаны» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрме Жетісу өңірінің тарихын, қазақ халқының музыкалық мәдениетін және Алматы қаласының ерекшеліктерін бейнелейтін бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерден тұрады.
Көрмеге келушілерге Алматы музейінің қорынан арнайы әкелінген 130-дан астам экспонат қойылды.
Іс-шара аясында Сеул қаласының тарихи музейі мен Алматы мұражайы арасында «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, 2023 жылы жауап көрмені өткізу туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.