Толық метражды бұл фильмде отандық рэп орындаушылардың өмірі баяндалады
Қазақ киносының қоржыны тағы бір туындымен толығады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Толық метражды бұл фильмде отандық рэп орындаушылардың өмірі баяндалады. Шытырман оқиғаға толы туынды өнер жолындағы қиындықты, достықты көрсетеді. «Шулама» деп аталатын көркем фильм көрерменге келесі жылы жол тартпақ.
«Бұл «Шулама» деген фильм қазақстандық рэп туралы. Сондай-ақ достық қарым-қатынасты суреттейді. Рэп жолында әртүрлі жетістікке жетудің жолындағы қиындықтар айтылады. Фильм барысында достықты сақтап қала алады ма? Мәселе сонда», – деді қоюшы режиссер Айтөре Жолдасқали.