Алматыда қайырымдылық кеші өтеді

16.11.2019 20:50

Кешке қатысып, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалуға ат салысайық!

Бүгін Алматыда «Заңғарға көмек» атты қайырымдылық кеші өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Кешке Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Мақсат Базарбаев, Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Жанар Ажанова, Жеңис атсқаӘа, Аааааа кз тобы, "Алатау" этно-ансамбль, Нұрмұхаммед Жақып, Ермек Мұқашев, Райым Уайыс, Сымбат Абайқызы, Асылжан Абдулла, Бағдат Бақытжанұлы қатысады.

Концерттің мақасаты - ақ қан, лейкоз дертіне шалдыққан Алматылық 5 жасар Сейфулла Заңғар Мәуленұлының еміне қаржы жинау.

Еске сала кетейік, қайырымдылық кеші 16 қараша күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында сағат 17:00-де басталады.