Іс-шараға өнер иесінің көзінкөргендер мен ұрпағы қатысып, естеліктерін бөлісті
Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай, Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мәдени кеш өтті, депхабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бал таңдайлы ән әлемі падишасы» деп аталған іс-шараға өнер иесінің көзін көргендер мен ұрпағы қатысып, естеліктерін бөлісті. Ән айтылып, күй тартылған кеш жастарға өнеге береді дейді кездесудің ұйымдастырушылары.
«Бүгін әр оқушының бойына ол кісінің жақсы тұлғаға тән қасиеттері мен өмірбаянын қонақтардың әңгімесі арқылы дәріптедік деп ойлаймын», – деді химия-биология бағытындағы НЗМ директорының орынбасары Лаура Қыздарбекова.