Қазақстандық жас әнші "Голос. Дети" шоуында 3-орын алды

01.05.2022 20:53

11 жастағы әнші байқаудың суперфиналына өтіп, "Единственная моя" әнін орындады

pixabay.com

11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы ресейлік "Голос. Дети" жобасының 9-маусымында үшінші орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап. 

Байқаудың финалына өткен Полина Гагарина командасының қатысушысы "Очи черные" әнін орындап, суперфиналға өтуге қажетті өз үштігінде ең көп дауыс жинады.

Сағын суперфиналда Филип Киркоровтың "Единственная моя" әнімен көрермен жүрегін жаулады.

Нәтижесінде, қазақстандық жас әнші байқауда үшінші орынды иеленді. "Голос. Дети" шоуында Егор Кридтің командасындағы сегіз жастағы Аделия Загребина жеңімпаз атанды.

Оған көрерменнің 40%-ы дауыс берген. Екінші орынды София Олареско алды.

Сағын Өмірбайұлы Шымкентте туған, ол Қазақстандағы көптеген вокал байқауларына қатысқан.

Сағынның айтуынша, ол ән айтумен қатар сурет салумен де әуестенеді.