Биыл жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толды. «Алтайдың Кербұғысы» атанған қаламгердің мерейтойы республика бойынша кең көлемде аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы көрнекті өкілін еске алу шараларының бірі Алматыдағы Чехов атындағы Орталық кітапханада өтті. Онда Оралхан Бөкейдің еңбектері қойылған көрме ұйымдастырылып, жазушы-драматург жайлы естеліктер айтылды.
– Оның шығармалары – қазақ әдебиетінің асыл қазынасы. Оның әртүрлі жанрда жазылған шығармалары – қазақ әдебиетінің байлығы. Осы іс-шараға өнерпаздар, ақын ақын-жазушылар қатысады, – деді жазушы Әлсейіт Оспан.
Оқи отырыңыз: «Мұғалім» сериялындағы Азамат әке-шешесіне қарсы шықты