Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық ғылыми форум өтті

14.03.2023 21:06

Басты мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени құндылығын насихаттау

Almaty.tv

Ұлттық салт-дәстүр халқымыздың рухани өзегі. Бүгін Алматыдағы Орталық мұражайда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық ғылыми форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басты мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени құндылығын насихаттау. Наурыз мейрамын тойлау дәстүрін жандандыру және мәдени туризмді дамытып, мұражайлар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Форумды өткізу әсіресе жастар үшін аса маңызды.

«Алматы қаласы – біздің мәдениетіміздің, тарихымыздың орталығы. Сонымен қоса, еліміздегі ең көне  мемлекеттік музей қабырғасында ұлттық мерекенің атрибуттарын сақтаған, көптеген жәдігер бар. Әрбір жәдігердің мәнін аша отырып, сол мерекенің мәнін түсіндіру. Ол жас ұрпаққа қажет дүние», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.