Алматыда қалалық сот ғимаратында Гауxар Әлімбекованың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Сот отырысында әншіні сотқа берген құрбысының қорғаушысы істен шеттетілді, деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әнші Гауxар Әлімбекованы «қомақты қаражатты жымқырып, алаяқтық жасады» деп сотқа берген Бақыт Назарованың қорғаушысы Құсайынов істен шеттетілді.
Судья тыңдалым алдында бұл шешімді оқыған соң, адвокат сот залынан шығып кетті.
Енді жәбірленуші Назарова алдағы сот отырысына басқа қорғаушының көмегіне жүгінуге мәжбүр.