«Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық фестивалі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Екі күнге созылған іс-шара Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екі күнге созылған іс-шара Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталып, кейін Алматы облысындағы Қарақыстақ және Жамбыл ауылдарында орналасқан Сүйінбай мен Жамбыл музейлерінде жалғасын тапты.   

«Қазақ халқы бар кезде Жамбыл атамыздың рухы өшпейді деп ойлаймын. Балаларға Жамбыл атамыздың бағын, жасын берсін деп тілеймін», – деді Ж. Жабаевтың немересі Салтанат Жамбылова.

Фестиваль аясында сондай-ақ, Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында гала-концерт ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жамбыл жырлаған өзекті тақырыптарды бүгінде қазақстандық жас әншілер арқау етіп, жаңаша форматта ұсынуда. Сондықтан ақынның туындылары өзектілігін жоймақ емес.  

«Бүгінгі фестивальдың негізгі тақырыбы – Жамбыл жырларының өзекті тақырыптарын жас орындаушылардың қазіргі заманға сай, жаңа үлгіде елге кеңінен насихаттауы», – деді «Қазақ әуендері» АҚ жетекші жоба менеджері Еркеғали Махмұтханов.

Новости партнеров