Алматыда «Алтын қалам» жүлдесі аясында әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді

Алматыда «Алтын қалам» жүлдесі аясында әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді
Жылдың үздік қаламгерлерін саралаған шығармашылық додаға қазақ және орыс тіліндегі 1000-нан астам туынды түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Байқаудың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді. Қазақстаннан бөлек алыс-жақын шет елдердің авторлары да қатысқан. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - отандық әдебиет саласын дамытумен қатар, бүгінгі кітап нарығының аясын кеңейту, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Биылғы «Оскар» әдеби сыйлығы 5 аталым бойынша үздіктерді анықтады. Жеңімпаздарға әлемдік "Оскар" сыйлығына ұқсас жасалған мүсін табысталды. Мүсінде білім мен күш-қуаттың символы ретінде кітапты басынан жоғары көтерген әйел бейнеленген.

«Биыл үшінші рет өткізіліп отырған символикалық марапат қаламгерлер үшін мәртебе әрі зор қолдау», – дейді ұйымдастырушылар.

«Біздің ойымыз отандық әдебиеттің дамуына үлес қосу. Себебі, енді бір жағынан формалды түрде әдебиет бер. Бірақ қазіргі кітап сөрелеріндегі кітапханаларды қарайтын болсақ, өзіміздің авторлар, әсіресе бүгінгі заманның авторлары некен-саяқ. Ал, әдебиеттің артта қалған елдің дамуы да онша болмайтыны анық», – деді «Алтын қалам» әдеби байқауын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Расул ЖҰМАЛЫ.

Новости партнеров