Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, ақын-жазушы Садықбек Хангелдиннің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еске алу іс-шарасына қайраткердің отбасы мен жолдастары қатысып, естеліктерін бөлісті. Айта кетейік, өмірін шығармашылыққа арнаған Садықбек Молдашұлы – 13 поэзиялық, 8 публицистикалық кітаптың авторы. Оның сүбелі туындылары еліміздің БАҚ мен республикалық басылымдарда жарияланып тұрған.
«Садықбекпен 50 жылдан бері доспын, жолдаспын. Әлі де Садықбекті ылғи еске алып отырамын. Көп жолдастары өмірден кетті. Бірақ Садықбек бүгінгі күнге дейін тірі адамдай, қасымда жүргендей сезінемін. Үйіне қойылған тақта «Жәлел келдің бе, аман-есенсің бе?» деп сәлем беріп тұратындай»,– деді саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір.