Кітап-AMANAT: барлық өңірде кітап дүкені ашылады

25.09.2023 23:01

Баспаханалар кітап қорымен қамтамасыз етпек

Almaty.tv

AMANAT партиясы «Кітап-AMANAT» жобасы арқылы мәдени-ағарту орталығын ұйымдастырмақ. Қоғамды кітап оқуға ынталандыру, авторларды қолдау көзделіп отыр. Осы мақсатты ту еткен жобаның тұсаукесері партияның Алматыдағы филиалында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға қатысқан Парламент Мәжілісінің спикері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов барлық өңірде ағарту орталығы сипатындағы кітап дүкенінің ашылатынын жеткізді.

– Басталған істің қайыры өте көп, ұлттық білімге, ғылымға, рухани кемелденуіне көмек болады. Баспагерлер де қатты қуанды. Бұл – еліміздегі саяси ұйымдардың руханиятқа назар бөлгенінің белгісі, – деді ақын, ҚР мәдениет қайраткері Алмас Ахметбек.

Аталған жоба аясында AMANAT партиясы мен Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды. Баспаханалар дүкендерді қолжетімді бағадағы тиісті кітап қорымен қамтамасыз етпек.

Оқи отырыңыз: «Ізгілік жаршысы – Мұхаммед: Алматыда мәуліт кеші өтті