Бұл жаңалықты әншінің әпкесі актриса Гүлбахрам Ахат айтты
«КешYOU» тобының экс-солисі Назым Әбілдина ақ келін атанбақ. Бұл жағымды жаңалықты әншінің әпкесі актриса Гүлбахрам Ахат Almaty.tv арнасы «Рaparazzi» бағдарламасында айтты.
«Бұл – біз үшін өте қуанышты жаңалық. Сіңілім Назым тұрмысқа шыққалы жатыр. Екеуміз бірге тете болып өстік. Болашақ күйеубала өте жақсы. Білімді, қолы ашық, еркекке тән мінезі бар», – деді Гүлбахрам Ахат.
Актрисаның айтуынша, әнші еркелікті үйге тастап, жаңа өмірге аяқ басуға дайын.
«Жаңа өмірге қадам басып жатыр. Сондықтан оның жауапкершілігі жоғары деп ойлаймын. Назым жанұя деген ұғымды өте жақсы түсінеді. Тірлігіне өте жауапты, ақылды қыз. Бізге және ата-анасына, әжесіне деген сыйластығы өте жақсы», – деді Гүлбахрам Ахат.
Ал, актриса өзінің жеке өмірі туралы әңгіме қозғағанды қаламады. Ертелі кеш бір тойым болары сөзсіз деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, Назым Әбілдина көпшілікке «Айгөлек» балалар байқауының жүргізушісі ретінде танылған.