Тың туынды бүгінгі қоғамды анық бейнелейді
Әдебиетсүйер қауым үшін жақсы жаңалық. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салтанатты іс-шараға ақын-жазушылар мен қаламгердің жақындары қатысып, ыстық лебізін білдірді. 2020 жылы жазылған тың туынды бүгінгі қоғамды анық бейнелеп, оқырманын баурап алды.
– Негізі адам өміріндегі ең маңызды нәрсе – қарым-қатынас. Әке мен бала, дос пен дос, ұстаз бен шәкірт. Кітабымда осы адамдар арасындағы бір нәзік қарым-қатынас, конфликт, тартыс суреттеледі, – деді жазушы Қанат Тілеухан.
– Қанат әдебиетке кемшілік кешірілмейтін жаста келді. Сондықтан жазуға жауапкершілікпен қарады. Әдеби ортада оқырман тарапынан жақсы бағасын алды, – деді ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.
Оқи отырыңыз: Ғасырлар сарыны: Алматы облысында жас ақындар мен жыршы-термешілер байқауы өтті