Алматыда қаңтар қасіретіне арналған көрме ұйымдастырылды

17.02.2022 00:54

Алматылық суретшілер дүрбелеңді мың бояумен суреттеп жеткізген

Almaty.tv

Алматыда «Менің Қазақстаным – менің отбасым» атты қаңтар қасіретіне арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Іс-шарада 35-тен астам қылқалам шеберінің таңдаулы туындалары ел назарына ұсынылды. Алматылық суретшілер дүрбелеңді мың бояумен суреттеп жеткізген.

Еске салсақ, сол кезде тәртіпсіздікке бой алдырғандар мемлекеттік орталық музейге басып кірген еді. Бүгінде мәдениет орталығы қалпына келтіріліп, өз есігін өнерді бағалайтын жандарға қайта ашты.  

«Анатолий Попов атты фотокорреспондент маған сілтеме жіберіп, өзі түсірген деректі материалдарын көрсетті. Сол видеоны көргенімде маған қатты ұнады. Алаңдағы жалаумен жүрген кісінің фотосуретін көрген соң «соны пайдалануға бола ма, мен суретін салайын деп едім» деп Анатолийден рұқсат сұрадым. Ол бірден рұқсатын берді», - дейді суретші Марлан Нысанбаев.