Алматыда «Жамбылдан аманат» концерт-спектаклі өтті

24.11.2021 01:32

Іс-шара барысында күймен көркемделген сахналық көріністер қойылды

gov.kz

Алматыда жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жамбылдан аманат» концерт-спектаклі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Бұл – еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы.

Бүгінгі Жамбылдың 175 жылдығына арналған шараны да «Жамбылдан аманат» атында қойып жатырмыз. Бүгінгі осы шараның барлығы, аты айтып тұрғандай, Жамбылдың аманатын кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Қазіргі елде болып жатқан жағдайға байланысты 30 пайыздық көрерменмен қамтылған офлайн түрдегі түсірілім», – деді Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Іс-шара барысында күймен көркемделген сахналық көріністер қойылды. Жамбыл бабамыздың жас күнінен қартайған шағына дейінгі өткен өмірі суреттелген. Шара ұйымдастырушылары ұлы ақынды тану, жыраулық мектебімен танысып, рухани кемелдігіне ден қою арқылы оны ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен.

«Құрманғазы оркестрі Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлары сахынада театрландырылған қойылымда Жамбыл бабамыздың жас бейнесін және қартайған шағын сомдадық. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы Жамбыл атамыздың бейнесі, Алғадайдың қайтыс болғаны сәттері бейнеленеді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр актері Бақыт Тұшаев.