Бұл жолы қойылымдағы актерлік құрам тек қана жастардан құралған
Әкемтеатрда тұсаукесер! Қасиетті қара шаңырақта Мұхтар Әуезовтың жауһар туындысы араға 52 жыл салып, қайта сахналанды деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қара қыпшақ Қобыланды" дастан-драмасы негізінде қойылған спектакльдің режиссері еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Айта кетейік, қойылым алғаш рет 1946-шы жылы Қапан Бадыровтың, ал 1967 жылы Әзірбайжан Мәмбетовтің режиссерлігімен қойылған. Ол тұста "Қобыланды батыр" бейнесін Шәкен Аймановтың өзі сомдапты. Ал, спектакль ізгілік пен зұлымдық, ел мен жерді қорғау, азаттықты аңсаған батырдың идеясын зерделейді.
Бұл жолы қойылымдағы актерлік құрам тек қана жастардан құралған. Сондай-ақ, қызықты болуы үшін заманауи етіп жасалған.
"Бұл спектакльге осы актерлық құраммен күні-түні дайындалдық. Театрдың директорынан бастап әрбір жұмысшысына дейін атсалысты. Ендігі арманымыз - жастарымыз әрі қарай өссе екен, бізден алған тәжірибесін дамытып, өзгелерге көрсетсе деген ниет бар", - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.