Доллар бағамы тағы да көтерілді

08.09.2022 20:43

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477,46 теңге

ru.dreamstime.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,28 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477,46 теңге. 

Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,1 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 477 теңге. 

Оқи отырыңыз: 8 қыркүйекке арналған валюта бағамы