Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,07 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472,33 теңге.
Ұлттық банктің 6 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 469,17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476,5 теңге, сатып алу – 473 теңге.
Оқи отырыңыз: 6 желтоқсанға арналған валюта бағамы