Доллар бағамы қайта көтерілді

16.05.2022 20:58

Алматыдағы америкалық валютаны 436 теңгеден сатып жатыр

businesstoday.co.ke

16 мамырдағы күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,29 теңгеге көтеріліп, 429,87 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 16 мамырдағы доллардың ресми бағамы – 427,84 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 431,5 теңге, сату – 436 теңге.