Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

01.07.2022 21:28

Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,34 теңге

ajourmag.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 маусым кешімен салыстырғанда 3,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 44 теңге болды.


Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 464 теңге, сатып алу – 468 теңге.