Қор нарығында доллар бағасы құбылып тұр

30.06.2022 21:40

Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 08 теңге

lawyer-monthly.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 65 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 470, 34 теңге. Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 08 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 470 теңге.