Доллар бағамы тағы төмендеді

vestiukraine.livejournal.com
vestiukraine.livejournal.com
7 маусымдағы ресми бағамы 431,88 теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,01 теңгеге төмендеп, 429,77 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 маусымдағы ресми бағамы 431,88 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 432 теңге, ал сатылымда - 436 теңге.

Новости партнеров