15 наурызда доллар бағамы тағы көтерілді

15.03.2022 22:41

Алматының айырбастау орындарында доллар 520 теңгеге сатылып жатыр

inbusiness.kz

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,43 теңгеге көтеріліп, 512,17 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

15 наурызда доллардың Ұлттық банк бекіткен ресми бағамы 511,71 теңге болды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алу – 515 теңге, сату 520 теңге болып отыр.