Қызықты дерек: ұлу 3 жыл бойы ұйықтауы мүмкін

03.05.2024 16:48

Жануарлар қалай тынығады

elements.envato.com

Жануарлар қалай және қанша сағат ұйқыға кететіні жайлы ғалымдар арнайы зерттеу жүргізді деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Мысық бір күнде орташа есеппен 13-14 сағат ұйықтап, түнімен ояу жүреді. Мәселе жабайы табиғатта түнгі мезгілде аң аулайтындығында. Жолбарыс секілді үлкен мысықтар да ұзағынан ұйықтайды.

Ал дельфин миының жартысы ғана ұйықтайды. Миының бір бөлігі сақтық шараларын қарастырып жатқан кезде, екінші бөлігі түс көріп жатады.

Жылқы мен сиыр түрегеліп ұйықтай береді. Бірақ жерге жатпайынша түс көрмейді.

Керік бірнеше апта бойы ұйықтамай жүре береді.

Шөл ұлуы 3 жыл бойы ұйықтауы мүмкін.

Үйректұмсық ұйықтап жатқан кезінде аң аулап жүргендей қимыл-қозғалыс жасайды.

Жарқанаттың басын төмен қаратып ұйықтауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, осылайша дұшпандарының көзіне көп түспейді. Бұдан өзге бірден ұшып кетуге мүмкіндік алады. Жарқанат өзге құстар секілді жерден аспанға ұша алмайды. Яғни ұшу жылдамдығын тудыратындай мықты емес.

Ғылым бұған дейін құмырсқаның ұйықтамайтындығын айтса, бүгінгі таңда отты құмырсқаның күніне 1,1 минуттан 253 рет ұйықтайтындығы дәлелденіп отыр.

Қызықты деректер қаперіңізде жүрсін. 

Оқи отырыңыз: Қара тұздың қасиеті: қазақ халқы тұзды қалай пайдаланған