Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

07.04.2022 15:10

Бұл күн денсаулықтың маңыздылығы және ауруды дер кезінде алдын-алу қажеттілігін еске салады

drbobbell.com

Қазақстан ең зиян тағамдарды тұтынатын 21 елдің ішінен 9-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл көрсеткіш ел азаматтарының тұзды шектен тыс қолдануынан туындап отыр. Елде жұқпалы емес созылмалы аурулармен ауыратындардың саны өскен. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары жүйесі бұзылған және созылмалы респираторлық ауруға шалдыққан науқастар бар. Қатерлі ісік пен қант диабеті де осы қатарда. Жалпы, аталған аурулардан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы 27 пайызға өсті. Ал ел азаматтарының 62 пайызы қант диабетімен ауырады.

«12 жыл болды қант диабетіне шалдықтым. Күйзелістен кейін пайда болды деп ойлаймын. Өйткені, бұрын бәрі жақсы болатын», – деді қала тұрғыны Күлбан Тұрашева.

Елде қант диабетімен ауыратындардың көбеюі тікелей зиянды тағамдарды тұтыну деңгейімен байланысты. 2018 жылы құрамында қанты бар сусындарды өндіру 25 пайызға, ал оны тұтыну 13 пайызға өскен.

«Адамның қимыл-қозғалысы азайып, зиянды, тәтті тағамдарды  көп ішкен сайын ауруға тез шалдығады.Негізінен диабеттің екі деңгейі бар. Адам ағзасында көмірсутек, май мен ақуыздың зат алмасуы 40 жастан асқанда кездеседі. Сондықтан осы жаста ауру қаупі де», – деді эндокринолог Әсем Ибраева.

Шектен тыс шөлдей беру мен әлсіздік - қант диабетінің негізгі белгілері. Сондай-ақ, бұл ауруға шалдыққан жастарда азып кету, ал үлкендерде керісінше салмақ қосу процесі байқалады. Мамандар жиі тексеріліп тұру керектігін айтады.

Мадина Оқас, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы