Алатау ауданында алғашқы көпбейінді аурухана салынады

06.10.2022 15:35

Құрылыс 2024 жылы басталады

toppress.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде Алатау ауданы азаматтарына 8 емхана (5 мемлекеттік және 3 жеке меншік) және 5 амбулатория қызмет көрсетеді. Оларға 250 мыңға жуық адам тіркелген.

"Жыл соңына дейін Саялы және Қарасумикро аудандарында күніне 200 адамға қызмет көрсететін 2 амбулатория құрылысы басталады. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың маусымы", - деді Досаев.

Сондай-ақ Алатау ауданында алғашқы көпбейінді аурухананы салу үшін жер учаскесі Зерделіде анықталды. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылы құрылысты бастау жоспарланған.