Инфарктан қалай сақтануға болатыны туралы алматылық дәрігер айтып берді

09.06.2023 16:30

Оның бір жолы – салауатты өмір салтын сақтау

Shutterstock

Жүрек ауруы негізінен жүрек және қан айналымы жүйесінің жұмысындағы бұзылуларға байланысты туындайды. Алматы қаласы №36 қалалық емхананың дәрігері Арман Қазмұхановтың айтуынша, жүрек талмасынан сақтанудың көптеген жолы бар.

Бірінші және ең бастысы - салауатты өмір салтын сақтау. Яғни, дұрыс тамақтану, үнемі жаттығу жасау және темекі шекпеу.

- Дұрыс тамақтану май мен қантты қалыпты мөлшерде қабылдау, сондай-ақ көкөніс, жеміс, жарма және балықты тұтынуды арттыруды білдіреді. Тұрақты жаттығу жасап отыру жүрек-тамыр жүйесін нығайтуға және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі. Және, әрине, темекі шегуді тастау – денсаулық сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі, – дейді сарапшы.

Дәрігер қан қысымын және қандағы холестерин деңгейін бақылау да инфарктың алдын алу үшін өте маңызды екенін атап өтеді. Қандағы холестерин және қан қысымының жоғарылауы қанның ұюына, инфарктқа әкелуі мүмкін. Сондықтан осы көрсеткіштерді үнемі бақылау аурудың басталуын болдырмауға көмектеседі.

Жүйелі түрде медициналық тексеруден өтіп, дәрігерге көрініп тұру керек. Тұрақты тексеруден өтіп тұру жүрек және қан айналымы жүйесінің жұмысындағы ықтимал проблемаларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.

Стресті азайту және эмоцияларды басқару да инфарктың алдын алуда өте маңызды. Стресс пен жағымсыз эмоциялар қан қысымының жоғарылауына және жүрек қызметінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан эмоцияңызды басқара білу және стресс деңгейін төмендету қажет.

Дәрі-дәрмекті орынды қабылдау керек. Кейбір аурулар инфаркт қаупін арттыруы мүмкін, сондықтан дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекті қабылдау аурудың дамуын болдырмауға көмектеседі.

Алкогольді шамадан тыс тұтынудан аулақ болу - денсаулыққа бағытталған енді бір маңызды қадам. Алкогольді ішу қандағы холестерин деңгейін жоғарылатады және инфаркт қаупін арттырады.

Тұзды және жануар майларын тұтынуды азайту жүрек денсаулығы үшін маңызды. Тұзды және жануар майын шамадан тыс тұтыну қан қысымының жоғарылауына және жүрек қызметінің нашарлауына әкеледі.

Жүйелі түрде салмақты бақылау және дұрыс дене салмағын сақтау инфарктын алдын алу үшін жасалуы тиіс әрекет. Артық салмақ қан қысымының жоғарылауына және жүрек қызметінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Жалпы, инфарктан сақтану үшін салауатты өмір салтын ұстану, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін бақылау, үнемі дәрігерге қаралып, кеңес алу, эмоция мен күйзелісті реттеу, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек қабылдау, жануар майлары мен алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тарту керек. Салмақты бақылау және жақын дос-жаран, туыс-туғанмен салауатты қарым-қатынаста болу да маңызды, - деп түйіндеді Арман Қазмұханов.