Қауіпті антибиотик: СҚО-да әйел мен бала өлім аузынан қалды

elements.envato.com
elements.envato.com
Антибиотик қабылдар алдында аллергиялық реакцияға сынама жасату керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда антибиотик қабылдаған әйел мен жасөспірім анафилактикалық шок алды. Оларды жедел жәрдем дәрігерлері аман алып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. 

Басылым ақпаратынша, 29 қаңтарда петропавлдық дәрігерлер анафилактикалық шок түріндегі екі аллергиялық реакция жағдайын тіркеген. Жедел медициналық қызмет көрсету станциясына алғашқы қоңырау түске қарай шалынған. 14 жастағы науқастың антибиотик қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлаған. 

Шақыру бойынша келген дәрігерлер антибиотик қабылдағаннан кейін 15 минуттан кейін жасөспірімнің бозарып, терлеп, қан қысымы күрт төмендегенін, содан кейін есінен танып қалғанын анықтады. Оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Кешке қарай 103 пультіне тағы қоңырау түсті – дәл осындай белгілер тағы бір әйелде байқалған. Дәрігерлер келгенде әйелдің жағдайы ауыр болған. Бұл жайт та антибиотикке  аллергиялық реакция екені анықталды. 

Жедел медициналық көмектен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Соған қарамастан ол ауруханаға жатқызылды. Басылым антибиотик қабылдар алдында аллергиялық реакцияға сынама жасату керек екенін ескертеді. 

Әсіресе цефалоспорин тобындағы антибиотиктерді қабылдағанда осы жайтты ескеру қажет. 

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында медбике шала туған сәбиге нұсқаулыққа сай келмейтін препарат салып жіберген

Новости партнеров