Қазіргі уақытта 1,8 млн адам вакцинадан өтті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 15 қыркүйектен бастап бүгінге дейін 1,8 млн адамға тұмауға қарсы вакцина салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Елімізде маусымдық инфекциялардың қарқыны мен коронавирус инфекциясының жаңа толқынын басу үшін 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы мақсатты топтарға екпе жүргізіліп жатыр. Ол үшін тұмауға қарсы 2,2 млн вакцина сатылып алынды. Бұл – жалпы халықтың 11 пайызын екпе жұмыстарымен қамтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 1,8 млн адам вакцинадан өтті. Осы аптаның соңында вакцина жұмыстары толығымен аяқталады», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.