Вакцина алғаны жөнінде электрондық паспорт беру фактісі расталмады

28.04.2021 17:14

Қызметтік тергеу барысы туралы ақпарат қосымша хабарланады

Almaty.tv.

Бірқатар БАҚ-да «Вакцинациядан өткеннен кейінгі электрондық паспортты сату бойынша жаңа бизнес» туралы материал жарияланған. Қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екенін және заңмен қудаланатынын ресми түрде мәлімдеді. Аталмыш материал бойынша арнайы қызметтік тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта вакцинациядан өткендігі туралы электрондық паспортты беру фактісі расталмады.

Сонымен қатар, барлық медициналық ұйымдар мен РЭДО-ның ақпараттық жүйелері және дерекқорларын толық салыстырып тексеріліп жатыр.

«Аталған ақпарат расталған жағдайда, тергеу нәтижелері ҚР Заңына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады. Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулық басқармасы вакцинациялау мәселелері бойынша жүйелерге қол жеткізе алатын қызметкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Қызметтік тергеу барысы туралы ақпарат қосымша  хабарланады», – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.