Отандық ғалымдар COVID-19 вирусын бақылау, алдын алу мен емдеудің ерекше әдісін әзірлемек

23.05.2020 17:21

Елжан Біртановтың қатысуымен бактериология, вирусология, иммунология және молекулалық генетика мәселелері талқыланды

пресс-служба

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен 2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстанда персоналды және превентивті медицина енгізу туралы» ғылыми-техникалық бағдарламаға арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр бастаған топ пен республикалық ғылыми қоғамдастық бактериология, вирусология, иммунология және молекулалық генетика мәселелерін талқылады.

Негізгі баяндамашы С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Б. Жүсіпов 2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында персоналды және превентивті медицина енгізу туралы» ғылыми-техникалық бағдарлама ұсынды.

«Ғылыми жобаның мақсаты – денсаулық сақтау саласына геномдық, жасушалық және ақпараттық технологиялармен бірге персоналды медицина енгізу, сондай-ақ негізгі инфекциялық емес аурулардың және COVID-19 профилактикасын, терапиясын басқаратын  шешімдер әзірлеу.

Бағдарлама іске асса, эпидемиологиялық, экономикалық, нормативтік құралдарды қолданып, генетикалық факторларды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен COVID-19, негізгі нозологиялар бойынша Қазақстанда персоналды профилактика мен терапияны енгізу үшін дәлелдеме базасын, оның ішінде отандық референттік геном құрылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, адамның генетикалық ерекшеліктерін ескере отырып антиденелердің таралуын, вирустың және аурудың дәрежесіне әсер ететін, COVID -19 бақылау, алдын алу және емдеу әдістерін әзірлеу мәселесі қаралды. Созылмалы дерті бар пациенттерді емдеу нәтижесін жақсарту үшін олардың жеке сипаттамаларын ескеретін жасанды интеллект енгізу де талқыланды.

Кеңеске еліміздегі жетекші ғылыми ұйымдар: Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың қызметкерлері, ғалымдар, министрлігінің ведомстволық ұйымдары қатысты.

Кездесу соңында Елжан Біртанов қатысушыларға алғыс білдірді. COVID-19 диагностикалау мен емдеу үшін жаңа ғылыми компоненттің өте маңызды екенін және ол практикада аса қажеттігін ескерді.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясын ғылыми зерттеулер вируспен күресудің және оның  таралуын тежеудің тың жолын көрсетеді. Біртанов ғылыми тәжірибені превентивті медицинаға тезірек имплементациялау үшін тиісті ұйымдармен бірге институционалдық рәсімдерді іске қосуды және ҚР ДСМ жанынан эпидемиология мен биоқауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған консультатциялық-кеңес құруды тапсырды.