Мегаполистегі қанша денсаулық сақтау нысаны жаңартылады

08.12.2023 17:24

2024 жылы қаладағы 7 ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіледі

Сурет: elements.envato.com

Алматыда мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясы өтуде. Қала әкімі Ерболат Досаев денсаулық сақтау нысандарын модернизациялау, реконструкциялау және  олардың құрылысын аяқтау жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- 2024 жылы балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы және Қалалық кардиологиялық орталықтың ғимаратын реконструкциялау аяқталады, сондай-ақ жалпы сомасы 2,7 млрд.теңгеге 7 денсаулық сақтау ұйымына күрделі жөндеу жүргізіледі, - деді Ерболат Досаев.

Бұдан басқа ЖСҚ әзірлеу аяқталып, 4 жаңа стационардың құрылысы және 5 қолданыстағы стационарды модернизациялау басталады.

Аудандағы жаңа емхана

Медициналық және технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ 49 жаңа жедел медициналық жәрдем автокөлігін сатып алу үшін 15,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл медициналық жабдықтармен жарақтандыруды нормативтердің 80% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Әкімнің ақпараты бойынша 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар өлім – жітімді 9% және сырқаттануды 10,8%, сәбилердің сырқттануын 43% төмендетуге мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Халықтың әлеуметтік осал тобына атаулы көмек көлемі ұлғаяды