Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында бірден екі ауруды - жүрек ырғағының бұзылуларын және жүректің кемістігін емдеуге бағытталған ашық жүрекке криоабляция операциясы жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Криоабляция бүгінде тек қана Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жасалады.
Операция үстеліндегі кезекті пациент 64 жастағы әйел, ол алдағы жаңа жылда әдеттегі қалыпты өміріне орала алады – толықтай оңалту бір айға жуық уақытты алады.
Жасанды қанайналым зертханасы мен операция блогы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, криоабляция – заманауи және сенімді технологиялардың бірі.
«Жүректің қақпақшалық кемістігінің салдарынан көбіне жүрек ырғағы бұзылады. Бүгінгі таңда біз жүрек ырғағының бұзылысын емдеу үшін жаңа технология – криоаблацияны пайдаланамыз. Бұған дейін жылу энергиясын пайдалансақ, бүгінде – медициналық азотпен суық энергияны пайдаланамыз. Бізде осындай операциялар жасаудың тәжірибесі бар және олардың қандай жақсы нәтиже беретінін көріп отырмыз, ал араласудан кейін пациентте тұрақты ырғақ қалыптасып, сақталады», – дейді дәрігер.
Криоабляция жасау үшін көрсеткіштерге пароксизмальды немесе тұрақты нысандағы болсын, жүректің қақпақшалы кемістігі мен ырғағының бұзылуы жатады. Қарсы көрсеткіштер жоқ – тіпті тромб болған жағдайда хиругтар араласуларды жүргізеді де, оны алып тастайды. Сонымен бірге, криоабляция тромбоэмболиялық асқынулар мен инсульттардың алдын алуда көмектеседі, бұл дәрігердің пікірінше, инсульттердің шамамен 80%-ы жүрек ырғағының бұзылуы себебінен болады.
Операция 4-5 сағатқа созылады. Қазақстандықтарға Медициналық сақтандыру қоры есебінен операция тегін жасалатындығын айта кету керек.
«Барлық ем-шараларды біз бір операция кезінде жасаймыз, осыдан кейін пациенттің жүрек ырғағы қалпына келіп, жылдам сауығып, операцияның әсерін ерте сезінеді. Өйткені жүрек дұрыс жиырыла бастағандықтан, әрі қарай жүрек тінінде қосымша қайталама өзгерістер болмайды», – деп түсіндірді Рүстем Мұхтарұлы.
Дәрігердің айтуынша, алдыңғы хирургиялық араласулар тиісті нәтижелер бермей, содан кейін пациентке криоаблация жасалып, жақсы нәтижелер болған.
Клиникада мұндай операциялар 2020 жылдан бастап жасала бастады, Германиядан мамандар тартылып, шеберлік кластары өткізілді. Осы кезең ішінде өз бетінше шамамен 30 операция, оның ішінде 16-сы осы жылы жасалды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ келесі жылға тағы да үлкен жоспарлары бар.
Криоаблация пациентке қай әдіс сай келуіне байланысты стандартты әдіс – ашық жүректе де, сонымен қатар аз инвазивті әдіспен де іске асырылуы мүмкін.
Бұл жағдайда 64 жастағы пациентке лапароскопиямен операция жасау мүмкін болмады дейді дәрігерлер. Оңалту шарасы мейлінше қысқа уақытты алады.
Осылайша, ерте оңалту кезеңі бір апта ішінде өтеді, ал бір айдан кейін пациент клиникаға оңалтудың екінші кезеңіне қайтып келеді. Оң нәтижесі бір айдан кейін-ақ біліне бастайды, яғни науқастың әл-ауқаты жақсарып және дәрігерге келетіндей симптомдары болмайды. Осыған көңіл аудару қажет екендігін айта кету керек. Рүстем Төлеутаев: «Егер адам ентігу, шаршау, жүректің ауыруы мен ісіну секілді белгілерді байқайтын болса, сақ болуы тиіс», – деп ескертеді.
Алайда симптомдардың пайда болуын күтуге болмайды, профилактика үшін жыл сайынғы скринингтен өту керек, ол ауыру пайда болатын болса ерте анықтауға мүмкіндік береді. Ауру қаншалықты ерте анықталса, оны емдеу соншалықты жеңіл болады.