Алматының "Думан" шағынауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салынады

28.09.2023 18:00

Қаңтарда №2 қалалық мамандандырылған балалар үйіне күрделі жөндеу басталады

Аkorda.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде "Думан" шағынауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салынады деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл соңына дейін Медеу ауданында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және кеңейту мақсатында 4 денсаулық сақтау нысанын жобалау аяқталады.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

 - Думан" шағынауданында 500 адам қабылдайтын жаңа емхана салу жоспарланған. "Алатау" шағынауданында " Алатау" ҚА ғимаратын реконструкциялау, №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеу, №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу жоспарланған", - деді қала әкімі.

№ 2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуді қаңтар айында бастау жоспарлануда, қалған 3 жоба бойынша құрылыс 2024 жылдың 2 жартысында басталады. Сондай-ақ №10 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу үшін жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында 13 көше бойындағы аумақ абаттандырылады