Қаңтар қасіреті: Алматы дәрігерлері күніне 145 ота жасаған

17.01.2022 22:44
Пресс-служба ЦГКБ

Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Дәулет Чукманов қалада содырлар үшін тәртіпсіздік орнаған кезде қалай жұмыс істегендері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

 

«Пациенттер 5 қаңтарда көптеп емделуге келіп түсті. Бұл күні түрлі жарақаттармен көп адамдар бізге келді, 191 адам жүгінді. Пациенттердің көбі басының және кеуде жасушаларының ауыр жарақатын алған. Бірақ біз ауыртпалықты көтеріп, ойдағыдай орындап шықтық. Барлық қызметкер қандай да бір көмектің қажет екенін түсініп, қызметке шықты. Пациенттердің жартысы шұғыл медициналық көмек көрсеткен соң, амбулаторлық емделуге жіберілді, емделуі тиістер науқастар емделуге жатқызылды. Бұл күндері 9 кезекші бригада жұмыс істеді. Қызметкерлер тәулік бойы жұмыс атқарды. Қабылдау бөлімшесінің шұғыл операциясы бойынша 6-7 бригада жұмыс жасады, кезек-кезекпен операция жасалды. Күніне 145 операция жасалды. Пациенттердің мұндай көлемі соңғы рет ұшақ құлағанда болған еді. Бірақ ол күнмен салыстырғанда осы күндері бізде үлкен үрей болды, тарс-тұрс еткен атыс даусын естіп отырдық, агрессиялы пациенттер келді, олармен ілескен адамдар болды», – дейді дәрігер.

Ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Тәуекелов те сол күндері 12 ота жасағанын еске алады.

«Бұл күндері біз әріптестерімізбен сала бойынша 12 операция жүргіздік. Түрлі жарақатпен түскен пациенттер болды. Сырттай фиксация, сүйек сынығына Иллизаров аппаратын салдық. Өте ауыр болды, көптеген пациенттер сүйек тіндерінің үлкен ақауымен, түрлі жарақатпен түсті. Жұмсақ тіндері лас жараларға хирургиялық тазарту жүргіздік. Осы күні демалыста болған барлық қызметкерді жұмысқа шақырып алдық», – деді Қанат Тәуекелов.

Бүгнігі күні емхана 24/7, яғни тәулік бойы жұмысын жалғастырып, Алматы қаласының тұрғындарына шұғыл жоспарлы медициналық көмек көрсетуде. Көпшілік тәртіпсіздіктен зардап шеккендердің арасында арухананың медицина қызметкерлері жоғына шүкір, аурухана ғимараты да зардап шекпеді.