Алматы дәрігерлері науқастың көз жанарын сақтап қалды

Пресс-служба ЦКГБ
Пресс-служба ЦКГБ
Орталық клиникалық аурухананың офтальмология бөлімшесінде жыл басынан бері 400 жоспарлы, 150 шұғыл ота жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Орталық клиникалық аурухана дәрігерлері 56 жастағы әйелдің көз жанарын сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

56 жастағы әйел оң көзі жарақаттанып келген. Тексеру барысында катаракта, нұрлы қабықтың түбірінің жыртылуы диагнозы қойылған. Пациенттің оң көзі көру қабілетінен айрылып қалған. Нұрлы қабыққа қан келмеуіне байланысты көздің кей бөлігінде ишемия туындау қаупі туды. 

«Пацентке шұғыл түрнді жоғары технологиялық ота жасалды. Нұрлы қабығына пластика жасалып, хрусталигі жасандыға ауыстырылды»,– деді офтальмолог хирург Бекболат Жолдасов. 

Бұл отаны жасауға 1 сағаттан астам уақыт кеткен. Әдетте көз оталары 10-15 минутты алатынын ескерсек, бұл отаның күрделілігі жоғары болған. 10 күннен соң науқас үйіне шығарылды. Орталық клиникалық аурухананың офтальмология бөлімшесінде жыл басынан бері 400 жоспарлы, 150 шұғыл ота жасалған.

Новости партнеров