Қостанай облысында 200-ден аса адам қауіпті дертке шалдыққан

16.08.2024 19:23

Жұқпалы ауруды туберкулез микробактериясы қоздырады

Almaty.tv

Қостанай облысында туберкулезбен ауыратындар саны артты. Бұл туралы өңірдің санитарлық дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дертті жұқтырғандардың қатарында балалар мен жасөспірімдер де бар. Мамандардың айтуынша өткен жылдың алғашқы 7 айымен салыстырғанда өсім байқалады. Бірақ алаңдауға негіз жоқ.

Биыл өңірде 9 бала және 218 ересек қауіпті дертке шалдыққан. Жұқпалы ауруды туберкулез микробактериясы қоздырады. Дерт адамнан адамға түшкірік, жөтел және сөйлесу кезінде бөлінетін тамшылар арқылы жұғуы мүмкін.

– Жұқпалы ауруға шалдыққандар саны 12 адамға көбейіп тұр, 6 пайыз өсімді көрсетті. Жазда жылжымалы медициналық кешендер мен флюорографиялық қондырғылар жұмыс істей бастайды. Сондықтан ауру жиі анықталып жатыр, –  деді Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Жаннат Молдатаева.

Оқи отырыңыз: Пойыз билетінің бағасы қымбаттайды